Өтебаев Исатай Сейітұлы Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
.RU

Өтебаев Исатай Сейітұлы Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау

бет1/4Дата29.04.2017өлшемі473.41 Kb. 1 2 3 4


ӘОЖ 371.13 [574] Қолжазба құқында
Өтебаев Исатай Сейітұлы

Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
13.00.08 – Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010

Жұмыс Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған.


Ғылыми жетекші: Каргин С.Т., педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ресми оппоненттер: Абдраман Ш.А., педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Тұрсынова Ж.Ж., педагогика ғылымдарының кандидаты

Жетекші ұйым: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


Диссертация 2010 жылы ____________________ күні сағат ____ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, 1 кеңейтілген дәрісхана).


Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).

Автореферат 2010 жылы «____»_____________ таратылды.

Біріккен диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Н.Ә.Мыңжанов



Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Кез келген елдің реформаларға, әлеуметтік-экономикалық құрылымды түбірімен өзгертуге бет бұрған кезеңде білім беру жүйесін де қайта құру қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Ал ол реформалар өз кезегінде білім беру саласында жиналған мол оң тәжірибені сақтай отырып оның әрі қарай дамуына жағдайлар жасауы керек. Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздік алған уақыттан бастап білім беру саласында қайта құрулар жүргізу қажеттігі тұрды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарында білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту көрсетіледі. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. Білім беру мазмұнын жаңарту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін қамту керек. Мамандарды кәсіби даярлау жүйесінің де бұл процестен тыс қала алмайтыны түсінікті. Себебі, «жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламалары біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталады».

Осы айтылғандарды дәйекті түрде жүзеге асыру үшін адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту мақсаты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасауға мұрындық болды.

Бұл Бағдарламада «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» ерекше көрсетілген.

Білім беру жүйесін жетілдіру – елдің одан әрі дамуы тәуелді болатын саяси және жалпы ұлттық міндет. Білім беру жүйесін жетілдіру мақсаты – заманауи білім сапасын қамтамасыз ету негізінде білім беру жүйесінің тұрақты дамуының механизмін құру болып табылады. Қазақстанда білім беру жүйесін тиімді жетілдіру білім берудің іргелілігін сақтаған және тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің көкейкесті және перспективалы сұраныстарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асады. Бұл алдына қойылған кәсіби міндеттерді шеше алатын мамандар даярлағанда, сол мамандар даярлау жүйесін қайта құрғанда мүмкін болады.

Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, педагог мамандарға жоғары деңгейдегі моральдық және біліктіліктік талаптары қойылуы тиіс. Педагог мамандар заман ағымына қарай әртекті болатын және күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын болуы керек. Мұндай талаптар кәсіби оқыту бакалаврларына да қойылады.

Жалпы, кәсіби білім беру мәселелері әр уақытта да ғалымдардың назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Ш.А. Абдраман, Қ.Ж. Аганина, Қ.М. Арынғазин, С.И. Архангельский, Г.К. Ахметова, Б. Әбдікәрімұлы, Г.З. Әділғазинов, Ю.К. Бабанский, А.П. Беляева, В.П. Беспалько, Е.И. Бурдина, Б.С. Гершунский, Б.А. Жетпісбаева, Н.А.Завалко, С.Т. Каргин, К.М. Кертаева, Н.П. Ким, С.З. Қоқанбаев, В.В. Краевский, А.Қ. Құсаинов, Ш.М. Мұхтарова, Н.А. Мыңжанов, А.Қ. Нұрғалиева, А.П. Сейтешев, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, Г.О. Тәжіғұлова, Ә.Ә. Усманов, Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина, т.б. кәсіби білім берудің түрлі аспектілерін зерттеген. Бұл еңбектердің ішінде болашақ кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби іс-әрекетке даярлау мәселесіне арналған зерттеулер де аз емес.

Ғылыми білімдердің көлемінің артуы, әлеуметтік ортаның талаптарының күшеюі жағдайында кез келген сала маманын, оның ішінде кәсіби оқыту педагогтарын даярлау процесі үшін құзыреттілік тұрғыдан келудің маңызы арта түседі. Ғылыми әдебиетті талдау құзыреттілік мәселесінің маманның кәсіби мәдениетінің және оның тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуымен және дамуымен, таным процесінің динамикасымен тығыз байланысты екендігін көрсетті.

Бүгінгі күнге дейін кәсіби құзыреттілік туралы ғылыми көзқарастар ішінде оның мәнін, құрылымын анықтау бойынша бірнеше бағыттар қалыптасты. Олардың ішінде негізгі екі бағытты: тұлғалық-профессиографиялық және тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттарды ерекше бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттардың екеуі де кеңестік психологтар Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.А. Запорожец, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, С.Л. Рубинштейн, Д.И. Фельдштейн, т.б. қалыптастырған іс-әрекеттің психологиялық теориясына негізделеді.

Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеудің жалпытеориялық негіздерін құруда М.В. Аверин, А.Г. Асмолов, И.В. Бестужев-Лада, Е.В. Бондаревская, И.А. Ильин, В.А. Кан-Калик, Б.Т. Кенжебеков, Л.Н. Коган, Н.В. Кузьмина, И.Я. Лернер, В.Я. Ляудис, А.К. Маркова, Н.В. Мирза, т.б. ғалымдардың еңбектері ерекше мәнге ие.

Сол сияқты А.М. Аронов, В. Байденко, В.А. Болотов, В.В. Сериков, Э.Ф. Зеер, т.б. құзыреттілік тұрғы негізінде білім беруді жетілдіру мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді.

Бірқатар еңбектерде (Г.И.Аксенова, Г. Әбілқасымова, И.Б. Васильев, В.В. Готтинг, И.Ф.Исаев, Ш. Құрманалина, Е.А. Лобынцева, Н. Лифинцева, А.И.Мищенко, А.Ш. Манабаева, К. Өстеміров, Л.С.Подымова, М.В. Семенова, В.А.Сластенин, Ж.Ж. Тұрсынова, Н.Р. Шаметов, Г.С. Шрайманова, т.б.) құзыреттілік оқыту және тәрбиелеу барысында дамитын тұлға қасиеті ретінде қарастырылады.

В.С.Безрукова, А.А.Деркач, Э.Ф.Зеер, Л.М.Митина, т.б. ғалымдар құзыреттіліктердің түрлерін жіктеу және оларға сипаттама беру арқылы оны құрылымдауға өз үлестерін қосты.

Білім беру жүйесін реформалау негізінде шығатын педагогқа қойылатын жаңа талаптар болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесі алдына инновациялық іс-әрекетке дайын, зерттеу іс-әрекетіне белсенді қатысуға даяр маман қалыптастыру міндетін қояды. Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сатысында бейіндік оқытуға көшу жағдайында мамандарды жобалау іс-әрекетіне даярлау қажеттігі туындап отыр. Яғни, жаңа заман педагогы білім беру практикасында бұрыннан белгілі педагогикалық мәселелерді шешу тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, өзі де белсенді түрде оларды жобалай алуы керек. Мұғалім даярлаудың бұл ерекшеліктеріне мемлекеттік білім беру стандарттарында да ерекше көңіл бөлуі тегін емес. Сондықтан 050120 - Кәсіби оқыту мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында осы мамандық бойынша білім алған бакалаврдың кәсіби қызмет функциясының бірі ретінде жобалау көрсетілген. Сондықтан қазіргі таңда болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау көкейкесті мәселе болып отыр. Ал бұл мәселенің құзыреттілік тұрғы негізінде тиімді шешілетіні айқын.

Солай бола тұра, ғылыми әдебиеттерді талдау кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлау мәселесінің жеке зерттеу пәні болмағандығын көрсетті. Яғни, болашақ кәсіби оқыту бакалаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлауға педагогикалық практиканың сұранысы мен оның педагогика теориясында жеткілікті қарастырылмағаны арасында қайшылық туындап отыр. Осы қайшылықтың шешімін табу оны қалыптастырудың арнайы әдістемесін жасау қажеттігін айқындаған біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасын анықтап, зерттеу жұмысының тақырыбын «Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: ЖОО педагогикалық процесі.

Зерттеудің пәні: болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау.

Зерттеудің мақсаты: болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін теориялық негіздеу және практикалық құрастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ маманды жобалау іс-әрекетіне даярлау ғылыми тұрғыда негізделіп, практикалық түрде іске асырылса, онда маманның даярлығы білім беру жүйесі алдына қойылып отырған жаңа талаптарға жауап береді, өйткені бұл оның жоғары кәсіби біліктілігін, құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеудің міндеттері:

1) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлаудың мәні мен ерекшеліктерін анықтау;

2) болашақ маманды құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісін жасау;

3) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау критерийлері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;

4) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін құрастыру;

5) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін эксперименттік сынақтан өткізу.



Зерттеудің жетекші идеясы: бүгінгі күн талабына сәйкес жобалау іс-әрекетіне даярлығының жоғары деңгейін игерген педагог тұлғасын қалыптастыру оның жобалау іс-әрекетіне даярлау мазмұнынан тәуелді.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: тұлғаның дамуы, оның дамуындағы іс-әрекеттің ролі туралы философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар, зерттелетін құбылыстар мен процестерге құзыреттілік тұрғыдан келу тұжырымдамалары, таным теориясы; тұтастық, жүйелілік, ақпараттық және тұлғалық тұрғылардың жалпы әдіснамалық тұжырымдамалары; тұтас педагогикалық процесс теориясы; кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесіне қатысты ілімдер.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу жұмысында алдыға қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін әдістер кешені қолданылды. Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жіктеу, жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту әдістері; эмпирикалық деңгейде сауалнама, әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, іс-әрекет өнімдерін зерттеу әдістері; зерттеу нәтижелерін қорыту барысында математикалық-статистикалық әдістер пайдаланылды.



Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2005-2006 жж.) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданып, зерттеу пәні туралы жалпы теориялық және нақты теориялық түсінік алынды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалық ұғымдар нақтыланды, кәсіби оқыту бакалаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі жасалып, болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау критерийлері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды және негізделді, бітіруші курс студенттерімен айқындаушы эксперимент өткізілді, алынған нәтижелер сарапталынды.

Екінші кезеңде (2006-2009 жж.) ұсынылған үлгі негізінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі жасалып, қалыптастырушы эксперимент өткізілді, жобалау іс-әрекетіне даярлаудың мазмұны айқындалып, жасалған әдістеме практика жүзінде тексерілді.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жж.) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша эксперимент мәліметтері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылып, жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің негізгі базасы: Эксперименттiк жұмыс Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби-көркемсурет факультетінде өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

1) «болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау» ұғымының мәні нақтыланды;

2) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі құрастырылды;

3) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау критерийлері мен көрсеткіштері және деңгейлері анықталды;

4) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі жасалды;

5) болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесін жоғары оқу орнының оқыту процесіне енгізу арқылы оның тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденді.



Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Жоғары оқу орнында кәсіби оқыту бакалаврларын даярлауға практикалық көмек ретінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі жасалынып, оқу процесіне енгізілді. Ұсынылған әдістеме мазмұны:

1) оқытушылардың әдістемелік дайындығын жетілдіруге арналған «Болашақ кәсіби оқыту педагогтарының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі» арнайы семинары;

2) «Кәсіби педагогика», «Мамандыққа кіріспе», «Машинатанудың теориялық негіздері» пәндерінің мазмұнына толықтырулар мен қосымшалар;

3) «Жобалау іс-әрекетінің негіздері» арнайы курсын қамтиды.

Зерттеу нәтижелерi мен қорытындылары осы тектес проблемалар бойынша болашақта жүргiзiлетiн ғылыми iзденiстерге негiз бола алады. Сонымен қатар ұсынылып отырған арнайы курс бағдарламасын, арнайы семинарды жоғары және орта кәсіптік оқу орындары оқу жұмыстарында, педагог мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру iсiнде пайдалану мүмкіндігі бар.

Ұсынылған болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі кәсіптік білім беру процесінде туыстас салалар бойынша қолданылуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау – педагогикалық жүйені, объектіні немесе үлгіні құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді, дағдыларды тұлғалық қасиеттерге айналдыра отырып меңгерту, оның түпкі нәтижесі – жобалау іс-әрекетіне даярлығының қалыптасқандығы болып табылады.

2. Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі оның компоненттерінің бір-бірімен өзара логикалық байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, жобалау іс-әрекетіне даярлықты қалыптастыруға қызмет етеді.

3. Болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау мотивациялық-құндылықтық, мазмұндық, операциялық-іс-әрекеттік және рефлексиялық компоненттерден тұрады және олардың критерийлері болып іс-әрекет түріне қызығушылық, жобалау іс-әрекетіне құндылықтық қатынас, жобалау іс-әрекеті туралы білімдер, жобалау іс-әрекетін іске асыру іскерліктері және жобалау іс-әрекетінің рефлексиясы табылады, оларды объективті бағалау үшін болашақ маманда жобалау іс-әрекетіне даярлығының қалыптасқандығының үш деңгейін (төмен, орта, жоғары) бөліп көрсету қажет.

4. Мақсаттық, мазмұндық, технологиялық және нәтижелік бөліктерден құралған болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдар­ламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелерін салыстырып қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби-көркемсурет факультетінің «050120 – Кәсіптік оқыту» мамандығы топтарында эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі қағидалары жалпытехникалық пәндер және еңбекке баулу әдістемесі кафедрасының отырысында, жалпы педагогика және кәсіби білім беру проблемалары бойынша ғылыми семинарда талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда баяндалды (Қарағанды, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005; Астана, 2005; Көкшетау, 2007; Пенза, 2008; Болгария, 2010); «ҚарМУ хабаршысы», «Ұлт тағылымы», «Ізденіс» ғылыми журналдарында ғылыми мақалалар түрінде баяндалды, сонымен қатар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жұмыс тәжірибесіне енгізілді.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі және негізділігі, талқылануы мен жүзеге асырылуы баяндалды.

«Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлаудың ғылыми-теориялық негіздері» деп аталған бірінші тарауда болашақ педагогтарды жобалау іс-әрекетіне даярлау педагогикалық проблема ретінде негізделіп, болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудағы құзыреттілік тұрғының орны анықталды. Сонымен бірге болашақ кәсіби оқыту педагогын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау жағдайы талданып, құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлаудың үлгісі, өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.

«Студенттерді құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» деп аталатын екінші тарауда болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жобалау құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі ұсынылып, құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау мазмұны ашылған және болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау әдістемесінің тиімділігін анықтау бойынша эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың нәтижелері талданған.



Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілген.
Негізгі бөлім
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесінің орны ерекше. Себебі, жалаң «білімдер, іскерліктер және дағдылар» қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сәйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы оның аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-әрекетіне дайындығының қалыптасуымен тығыз байланысты.

«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.

Жобалау мәселесіне қатысты жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, педагогикалық жобалаудың белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет екенін көруге болады, ал оның мазмұндық компоненттері мақсат қою іс-әрекеті; үлгілеу іс-әрекеті; жоспарлау іс-әрекеті; ұйымдастыру іс-әрекеті; мониторингілеу және реттеу іс-әрекеті; рефлексия іс-әрекеті болып табылады.

Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп «болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау» түсінігіне «педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту» деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі – бұл кез келген салада (кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т.б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Сондықтан, болашақ мамандарды даярлауды қарастыруда құзыреттілік тұрғының орны ерекше екендігі дау тудырмайды.

Ғылыми зерттеулерді талдау негізінде құзыреттілік тұрғының ерекшелігі – ол тұлғаның алынған білімдерді, іскерліктерді, іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін пайдалану қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, үздіксіз тұлғалық өзіндік жетілуін байқататындығында екенін көруге болады. Педагог мамандығы бір уақытта өзгертуші және басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлға дамуы процесін басқару үшін құзыретті болу керек. Ал құзыреттілік тұрғының мақсаты – толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даяр бәсекеге қабілетті маман тұлғасын кәсіби қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның міндеттері – біріншіден, болашақ маманда өзінің кәсіби білімі мен кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық қатынас қалыптастыру; екіншіден, оның тұлғасының кәсіби әлеуетін арттыру; үшіншіден, қоғамдық өмірде маманның толық өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге даярлау.

050120 – Кәсіби оқыту мамандығының білім беру мазмүнын талдау педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде жобалау іс-әрекетіне жете мән берілмегенін көрсетті. Жалпы орта білім берудің жоғары сатысында бейіндік оқытуға көшіп отырған қазақстандық білім беру жүйесі үшін жобалау құзыреттілігіне ие мамандар даярлау бүгінгі күні көкейкесті мәселеге айналып отыр. Себебі, өзінің кәсіби функциясын іске асыру барысында бейіндік оқыту жүйесінде жұмыс жасайтын педагог жаңа, элективті білім беру бағдарламаларын жобалау мәселесімен бетпе-бет кездеседі. Сонымен қатар, оқыту процесін дұрыс жобалау арқылы ғана болжанған нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Осының бәрі болашақ кәсіби оқыту педагогын жобалау іс-әрекетіне даярлау қажеттігін тудырады. Ал бұл мәселенің шешудің жолы – құзыреттілік тұрғы негізінде маманды жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін және деңгейлік сипаттамаларын жасау болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіби білім беру жүйесінің білім беру мазмұнында вариативтіліктің орын алуы осындай өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде келтірілген үлгінің анықтамаларына сүйене отырып, құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ маманды жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі – белгілік құралдар арқылы берілген болашақ кәсіби оқыту педагогын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау процесінің сапаларын, қасиеттерін және байланыстарын көрсететін сұлбасы, образы болып табылатынын анықтадық (1-сурет). Суреттен көріп отырғанымыздай, оның компоненттері бір-бірімен өзара логикалық байланыста, барлығы да (мақсаттан бастап нәтижеге дейін) белгілі бір іс-әрекет түріне (бұл жерде сөз жобалау іс-әрекеті туралы болып отырғандығы белгілі) даярлықты қалыптастыруға қызмет етеді. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген үлгінің құрамдас бөліктері нәтижеге жетудің жолын нақты құрылымдайды және нәтиже мен мақсаттың өзара байланысын ашық көрсетеді.

Сурет 1 – Құзыреттілік тұрғы негізінде болашақ кәсіби оқыту бакалаврын жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі



Болашақ кәсіби оқыту педагогын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау процесі күрделі, көпқырлы және қайшылықты болғандықтан, оның динамикасының сапалық және сандық параметрлерін бағалау өте күрделі болады. Сондықтан жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасқандығының өлшемдерін, соған байланысты көрсеткіштерін анықтау қажеттігі туады. Ол дегеніміз – соған сүйене отырып мәнді қасиеттерін анықтауға болатын осы құзыреттіліктің қалыптасқандығының сапалық жағдайын көрсететін объективті және субъективті көрсеткіштердің жиынтығы. Жобалау іс-әрекетіне даярлықтың маманның (педагогтың) кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып табылатындығын еске ала отырып, оны мынадай компоненттерін бөліп көрсетуге болатынын көреміз (1-кесте):
Кесте 1 – Болашақ кәсіби оқыту педагогының құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау компоненттері, критерийлері мен көрсеткіштері

Компоненттер

Критерийлер

Көрсеткіштер

Мотивациялық-құндылықтық

Іс-әрекет түріне қызығушылық

Студенттің өз бойында жобалау құзыреттілігін қалыптасуына сұранысы

Жобалау іс-әрекетінің өзінің кәсіби өміріндегі қажеттілігін түсіну

Жобалау іс-әрекетіне құндылықтық қатынас

Жобалау іс-әрекетінің құндылық екендігін түсіну

Құзыреттілік тұрғының құндылықтық негіздерін түсіну

Мазмұндық

Жобалау іс-әрекеті туралы білімдер

Жобалау іс-әрекеті және құзыреттілік туралы білімдер

Жобалау мәні мен тәсілдері туралы білімдердің болуы

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілеттілік

Операциялық-іс-әрекеттік

Жобалау іс-әрекетін іске асыру іскерліктері

Жобалауда мақсат қоя білуі

Үлгілеу тәсілдерін меңгеруі

Жоспарлау іс-әрекетін меңгеруі

Ұйымдастыру іс-әрекетін меңгеруі

Мониторингілеу әдістерін меңгеруі

Рефлексивтік

Жобалау іс-әрекетінің рефлексиясы

Жобалау құзыреттілігінің өз бойындағы көріністерінен қанағаттану

Жобалау іс-әрекетін жүзеге асыруда басқаның жағдайымен есептесу

Тұлғалық өзіндік жетілуге ұмтылыс

Болашақ кәсіби оқыту педагогын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі жасалып, оның компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталғаннан кейін осы даярлықтың (немесе құзыреттіліктің) қалыптасқандығы деңгейін объективті бағалау үшін оның деңгейлерін шартты түрде бөліп алу қажет. Эксперимент жұмыстарын объективті жүргізу үшін, сол сияқты сапалық бағалау қажеттігін қанағаттандыру мақсатында болашақ маманда жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасқандығының үш деңгейін (төмен, орта, жоғары) бөліп көрсету мүмкін болды. Олардың мазмұны төменде келтірілген (2-кесте)


Кесте 2 – Кәсіби оқыту педагогының жобалау іс-әрекетіне даярлығының қалыптасқандығы деңгейлері

Компоненттер

Төмен

Орта

Жоғары

Мотивациялық-құндылықтық

Студенттің өз бойында жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалып-тасуына сұранысы байқалмайды

Студенттің өз бойында іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасуына сұранысы бар

Студенттің өз бойында іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасуына сұранысы жоғары

Жобалау іс-әрекетінің өзінің кәсіби өмірін-дегі қажеттілігін түсінбейді

Жобалау іс-әрекетінің өзінің кәсіби өміріндегі қажеттілігін жете түсінбейді

Жобалау іс-әрекетінің өзінің кәсіби өміріндегі қажеттілігін жақсы түсінеді

Мазмұндық

Жобалау іс-әрекеті және құзыреттілік туралы білімдері жеткіліксіз

Жобалау іс-әрекеті және құзыреттілік туралы білімдері бар

Жобалау іс-әрекеті және құзыреттілік туралы білімдерді жеткілікті меңгерген

Жобалау мәні мен тәсілдері туралы білімдері жоқ

Жобалау мәні мен тәсілдері туралы білім-дері фрагментарлы

Жобалау мәні мен тәсілдері туралы білімдері жеткілікті

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілеттілігі төмен

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілетті

Білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілеттілігі жоғары

Операциялық-іс-әрекеттік

Жобалауда мақсат қоя алмайды

Жобалауда мақсат қою қажеттігін біледі

Жобалауда мақсат қоя біледі

Үлгілеу тәсілдерін меңгермеген

Үлгілеу тәсілдерін меңгерген

Үлгілеу тәсілдерін толық меңгерген және пайдаланады

Жоспарлау іс-әрекетін меңгермеген

Жоспарлау іс-әрекетін меңгерген

Жоспарлау іс-әрекетін меңгерген

Ұйымдастыру іс-әрекетін меңгермеген

Ұйымдастыру іс-әрекетін меңгерген

Ұйымдастыру іс-әрекетін меңгерген

Мониторингілеу әдістерін меңгермеген

Мониторингілеу әдісте-рін толық меңгермеген

Мониторингілеу әдісте-рін толық меңгерген


Рефлексивтік

Жобалау іс-әрекетіне даярлықтың өз бойындағы көріністерін байқай алмайды

Жобалау іс-әрекетіне даярлықтың өз бойындағы көріністерінен қанағаттанады

Жобалау іс-әрекетіне даярлықтың өз бойындағы көріністерінен толық қанағаттанады

Жобалау іс-әрекетін жүзеге асыруда басқаның жағдайымен есептесе алмайды

Жобалау іс-әрекетін жүзеге асыруда басқаның жағдайымен есептеседі

Жобалау іс-әрекетін жүзеге асыруда басқаның жағдайымен санасып, өз іс-әрекетін түзетеді

Тұлғалық өзіндік жетілуге ұмтылыс байқалмайды

Тұлғалық өзіндік жетілуге ұмтылыс байқалады

Тұлғалық өзіндік жетілуге ұмтылыс жоғары


Достарыңызбен бөлісу:

strategicheskij-plan-apparata-akima-akmolinskoj-oblasti-na-2011-2015-godi-soderzhanie-stranica-4.html
strategicheskij-plan-ministerstva-industrii-i-novih-tehnologij-respubliki-kazahstan-na-2011-2015-godi-stranica-10.html
strategicheskij-plan-ministerstva-industrii-i-novih-tehnologij-respubliki-kazahstan-na-2011-2015-godi-stranica-4.html
strategicheskij-plan-ministerstva-industrii-i-torgovli-respubliki-kazahstan-na-2009-2011-godi-astana.html
strategicheskij-plan-ministerstva-inostrannih-del-respubliki-kazahstan-na-2009-2011-godi.html
strategicheskij-plan-ministerstva-obrazovaniya-i-nauki-respubliki-kazahstan-na-2009-2011-godi-soderzhanie-stranica-11.html
  • occupation.bystrickaya.ru/n-af-947-profsoyuz-rabotnikov-narodnogo-obrazovaniya-i-nauki-rossijskoj-federacii.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/marina-lyamina-analiticheskaya-zapiska-k-zakonoproektu-o-rp-v-i-petrov-poselenie-rp-rodnoe.html
  • urok.bystrickaya.ru/programma-obucheniya-studentov-sillabus-po-discipline-osnovi-ekologicheskogo-normirovaniya-i-ekspertizi-dlya-specialnosti-050608-ekologiya-forma-obucheniya-ochnaya.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/vvedenie-uchebno-prakticheskoe-posobie-dlya-distancionnogo-obucheniya-studentov-vseh-specialnostej-karaganda-2001.html
  • report.bystrickaya.ru/izbiratelnaya-komissiya-sverdlovskoj-oblasti-postanovlenie.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-disciplini-vseobshaya-istoriya-dlya-napravleniya-vostokovedenie-afrikanistika.html
  • tasks.bystrickaya.ru/11-elektromehanicheskie-pribori-klassifikaciya-fizicheskih-velichin-4.html
  • studies.bystrickaya.ru/istoriya-vozniknoveniya-i-razvitiya-parkov--park-kak-socialno-kulturnij-institut.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/primernaya-programma-uchebnoj-disciplini-osnovi-predprinimatelskoj-deyatelnosti.html
  • tasks.bystrickaya.ru/3-o-perspektive-rechi-rabota-nad-soboj-v-tvorcheskom-processe-voplosheniya.html
  • holiday.bystrickaya.ru/metodicheskoe-obespechenie-na-6-semestr-2011-2012-uchebnogo-goda-gruppi-mvzmsz-09.html
  • universitet.bystrickaya.ru/svyazannie-zonoj-roman-kulikov-ezhi-tumanovskij-stranica-9.html
  • desk.bystrickaya.ru/oformlenie-zala-programma-ufimskoe-semigore-dlya-uchebnih-obedinenij-obsheobrazovatelnih-uchrezhdenij-i-uchrezhdenij.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/21-klimat-ob-utverzhdenii-programmi-programma-kompleksnogo-razvitiya-sistem-kommunalnoj-infrastrukturi-goroda.html
  • testyi.bystrickaya.ru/addiktivnoe-povedenie-u-podrostkov-narkomaniya-i-alkogolizm-chast-3.html
  • tests.bystrickaya.ru/listen-watch-and-speak-dlya-studentov-stranica-25.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/programma-simpoziuma-budet-vklyuchat-plenarnie-30-40-min-ustnie-10-15-min-i-stendovie-dokladi-vsego-predpolagaetsya-zaslushat-okolo-100-dokladov-po-sleduyushim-napravleniyam-sekciya-1.html
  • university.bystrickaya.ru/filosofiya-xx-veka-mareev-stranica-28.html
  • knigi.bystrickaya.ru/rentgenograficheskie-issledovaniya-i-postroenie-modelej-strukturi-ryada-uglerodnih-materialov-01-04-07-fizika-kondensirovannogo-sostoyaniya.html
  • predmet.bystrickaya.ru/regionalnie-smi-monitoring-smi-rf-po-pensionnoj-tematike-24-fevralya-2012-goda.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/dinne-alcun-la-non-vedesti-sound-recording-mezhgosudarstvennij-sovet-po-standartizacii-metrologii-i-sertifikacii.html
  • control.bystrickaya.ru/ciceron-stranica-2.html
  • institute.bystrickaya.ru/gorod-okruzhnogo-znacheniya-nizhnevartovsk.html
  • tests.bystrickaya.ru/meken-zhajli-anitama.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/scenarij-agitbrigadi-strana-svetoforiya.html
  • esse.bystrickaya.ru/publichnij-doklad-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-licej-200-za-200708-uchebnij-god-stranica-2.html
  • report.bystrickaya.ru/izveshenie-o-provedenii-zaprosa-kotirovok-ot-14-10-2010g-648-stranica-10.html
  • desk.bystrickaya.ru/plan-po-izobretatelskoj-rabote-modul-propedevtiki-terapevticheskoj-stomatologii-informaciya-o-module.html
  • lesson.bystrickaya.ru/prilozhenie-srednevekovij-lyubek.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tematika-referatov-dokladov-vipiska-iz-gosudarstvennogo-obrazovatelnogo-standarta-visshego-professionalnogo-obrazovaniya.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-koncepciya-odaryonnosti.html
  • knigi.bystrickaya.ru/scenarij-igrovoj-programmi-arbuznik.html
  • credit.bystrickaya.ru/pesa-dlya-detej-i-roditelej-s-volshebstvom-dejstvuyushie-lica.html
  • spur.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-provedeniyu-uroka-kraj-v-kotorom-mi-zhivem-dostizheniya-i-perspektivi-razvitiya-permskogo-regiona.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/krasnova-l-a-anisimova-t-i-podgotovka-budushego-uchitelya-fiziki-k-razrabotke-i-ispolzovaniyu-cifrovih-obrazovatelnih-resursov.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.